Международные стандарты: Документы для окончательного расчета при увольнении

Жұмыстан шығу кезінде қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі қоғамда қызу талқылануда. Эксперттер, ҚР Еңбек кодексіне сілтеме жасап, жұмыс берушілердің қызметкерлерге еңбекақы мен басқа да төлемдерді уақтылы төлеу міндетін атап өтуде. "Бухгалтерия еңбек шарты бұзылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде барлық есеп айырысуды жүргізіп, қызметкермен түпкілікті есеп айырысуға тиіс", - дейді заңгерлер. Бұл талаптар жұмысшылардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Жұмыстан шығу кезіндегі түпкілікті есеп айырысу

Қызметкер жұмыстан шыққан кезде бухгалтерия қызметкермен толық есеп айырысу үшін бірқатар есептеулер жүргізуі тиіс. Жұмыстан шығу кезіндегі түпкілікті есеп айырысуға істелген күндерге еңбекақы төлеу, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, мүмкін болатын сыйақылар, бонустар және басқа да төлемдер кіреді.

Құқықтық негіздер

Бухгалтерияның түпкілікті есеп айырысу жүргізуі үшін ҚР Еңбек кодексіне жүгіну қажет.

Еңбек кодексінің талаптары

  • ҚР ЕК 23-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы: Жұмыс беруші қызметкерге еңбекақыны және ҚР заңнамасында, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген өзге де төлемдерді толық әрі уақтылы төлеуге міндетті.
  • ҚР ЕК 96-бабы 2-тармағы: Еңбек шарты бұзылған кезде (жұмыстан шығу себебіне қарамастан) қызметкерге жалақымен қатар пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы күндері үшін өтемақы төленеді. Бұл төлем қызметкердің орташа жалақысы негізінде есептеледі.
  • ҚР ЕК 113-бабы: Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс беруші қызметкерге тиесілі барлық сомаларды еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуге міндетті.

Кешіктірілген төлемдер

Егер жұмыс берушінің кінәсінен жалақы мен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге төлемдер кешіктірілсе, жұмыс беруші қарыз соманы және төлем жасалған күнді қоса алғанда, кешіктірілген кезең үшін өсімпұл төлеуге міндетті. Өсімпұл мөлшері ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесінің 1,25 есесіне тең.

Есеп айырысуға негіз болатын құжаттар

Бухгалтерия есеп айырысуды бастау үшін келесі құжаттарды алуы тиіс:

  • Қызметкердің жұмыстан шығу туралы жазбаша өтініші;
  • Жұмыстан шығару туралы бұйрық.

Аталған құжаттарды алғаннан кейін бухгалтерия 3 жұмыс күн ішінде қызметкермен толық есеп айырысуы тиіс.

Поделиться:
Все изображения и материалы в публикации получены из открытых источников. Если вы являетесь правообладателем, ознакомьтесь с информацией для правообладателей.
Похожие новости