2025 жылы 15 қыркүйекте 270 және 250 нысандарын тапсыру мерзімі аяқталады. Қазақстандық банктегі депозитте орналасқан ақша 270.00 нысанында көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, депозит бойынша сыйақыдан түскен табысты декларацияға енгізу қажет.
2025 жылдың 15 қыркүйегіне дейін 270.00 нысанын тапсыру мерзімі белгіленген. 2024 жылы 250.00 нысанындағы декларацияны алғаш рет заңды тұлғалардың құрылтайшылары, басшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары тапсырды. 2025 жылы (2024 жыл үшін) аталған тұлғалар 270.00 нысанын тапсыруы қажет.
2025 жылдан бастап жеке тұлғалар үшін 250.00 нысанын тапсыру міндеті, кейбір ерекшеліктерден басқа, жойылды. 2025 жылы 250.00 нысанын тапсыратын тұлғалар:
- ҚР шегінен тыс жерлерде активтері барлар;
- жыл ішінде 20 000 АЕК-тен (74 млн теңге) асатын сомаға сатып алулар жасағандар;
- дербес салық салынатын табыс алғандар.
Осылайша, жоғарыда аталған жағдайларда жеке тұлғалар 2025 жылы 250.00 нысанын тапсырады.
Қазақстандық банктегі депозитте орналасқан ақша сомасын немесе депозит бойынша есептелген сыйақы сомасын декларацияға қосу қажет пе? ҚР Салық кодексіне сәйкес, 270.00 нысаны есепті кезеңнің 31 желтоқсанына (яғни, 2025 жылы – 31.12.2024 ж. жағдайы бойынша) жыл сайын беріледі.
270.00 нысаны Қаржы министрлігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі №927 бұйрығымен бекітілген. Ол жеке тұлғалармен келесі мәліметтерді көрсету үшін арналған:
- күнтізбелік жыл ішінде алынған табыс, соның ішінде ҚР-нан тыс;
- салықтық шегерімдер;
- мүлікті (жылжымайтын мүлік немесе авто) сатып алу немесе тегін алу, соның ішінде ҚР-нан тыс;
- ҚР-нан тыс орналасқан шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақшалар, жиынтығында 1 000 АЕК-тен асатын сома;
- есепті салық кезеңінің 31 желтоқсаны жағдайы бойынша меншік құқығындағы мүлік (жылжымайтын мүлік, авто, шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары, шетелдік заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлестер);
- басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы қарыздары (дебиторлық берешек) және жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы қарыздары (кредиторлық берешек) – шарт немесе басқа да растаушы құжат болған жағдайда.
Осылайша, жеке тұлғалардың қазақстандық банктердегі шоттарында (салымдарында) жатқан ақшаны декларациялауға міндеті жоқ.
Депозит бойынша сыйақы түріндегі табысқа келсек, ҚР СК 321-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаның жылдық табығына оның барлық табыстары, соның ішінде сыйақы түріндегі табыс енгізіледі. ҚР СК 1-бабының 62) тармақшасында берілген анықтамаға сәйкес, сыйақы – бұл салымдар (депозиттер) бойынша төлемдердің барлық түрі, салым (депозит) сомасын қоспағанда.
ҚР СК 341-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, қазақстандық банктер жеке тұлғаға төлейтін сыйақы сомасы салық салынатын табыстан алынып тасталады (табысты түзету). Бұл депозит бойынша пайыз сомасынан ЖТС төлеудің қажеті жоқ екенін білдіреді.
Осылайша, қазақстандық банктегі депозит сомасы 270.00 нысанына енгізілмейді, ал депозит бойынша пайыз түріндегі табыс енгізіледі. Бірақ бұл сомаға ЖТС салынбайды.