НДС при международных перевозках в ЕАЭС: что нужно знать
Халықаралық тасымалдау кезінде жиі бір жол парағына бірнеше тасымалдау түрі жазылады. Мысалы, жүк Алматыдан Ресейге, одан кейін Беларуське, сосын қайтадан Ресейге жеткізіледі. Мұндай жағдайда ЭСФ-ны қалай рәсімдеу керек және қандай ҚҚС мөлшерлемесін қолдану қажет?
Келіңіздер, ҚР Салық кодексіне назар аударайық.
Заң бойынша, әрбір тасымалдау қызметі үшін тасымалдаушы ЭСФ жазып беруге міндетті. Халықаралық жүк тасымалдау қызметтері (ҚР шекарасын кесіп өтумен) ҚҚС бойынша 0% мөлшерлемемен салық салынады.
Халықаралық тасымалдау деп, тауарларды, оның ішінде пошталық жөнелтімдерді, ҚР аумағынан экспорттау және ҚР аумағына импорттау кезінде жүзеге асырылатын тасымалдау танылады. Тасымалдаудың халықаралық деп танылуы үшін ол бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен рәсімделуі тиіс.
Халықаралық автомобиль қатынасындағы жүк тасымалдау кезінде халықаралық тасымалдауды растайтын құжат — тауар-көлік жүкқұжаты (ҚР СК 387-бабы).
Салық салынатын айналым — бұл ҚҚС төлеуші жүзеге асыратын, іске асыру орны Қазақстан Республикасы болып танылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналым (ҚР СК 369 және 370-баптары).
Тасымалдау қызметін көрсету орны мұндай қызметтерді жеткізушіні салық төлеуші ретінде тіркеу орны бойынша айқындалады (ҚР СК 441-бабы 2-тармағы 5) тармақшасы).
Осылайша, Қазақстаннан Ресейге тасымалдау 0% ҚҚС мөлшерлемесімен салық салынады (егер тасымалдау CRM (халықаралық ТТН) арқылы рәсімделген болса). Ал Ресейден Беларуське, Беларусьтен Ресейге қайта тасымалдау ҚҚС бойынша 12% мөлшерлемемен салынады, өйткені іске асыру орны ретінде ҚР аумағы танылады.